18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №46

273 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 қаңтар, Астана қаласы Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін. 3. «Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 123 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы, № 15 (тираждың шығу күні 2010 жылғы 25 қараша) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ИМАШЕВ. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидалары 1. Осы Сот сараптамаларының күрделілік санаттарына айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағида сот сараптамаларының күрделілік санаттарына айқындаудың жалпы критерийлерін және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін айқындайды. 3. Сот-сараптамасы зерттеулері күрделілік дәрежесі бойынша 4 санатқа бөлінеді: 1) жай – зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін, жүргізу мерзімі 5 тәуліктен аспайтын күрделі емес объектілер бойынша стандартты; 2) күрделілік дәрежесі орташа - объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ сот сараптамасы зерттеулерінің қолданылатын әдістемелері, жүргізу мерзімі 20 тәулікке дейін, белгілі бір уақыт шығынын талап етпейді; 3) күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі (3 объектіден көп немесе істің 250 парағынан көп), көп сұрақтары бар жүргізу мерзімі 30 тәулікке дейінгі сот-сараптамалық зерттеулер; 4) аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі жүргізу мерзімі 30 тәулікке дейінгі зерттеулер. 4. Сот сараптамасын жүргізу мерзімін есептеу материалдың сот сараптамасы органдарына келіп түскеннен кейінгі күннен басталып есептеліп, кеңсеге тапсырылған күнімен аяқталады. 5. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі келесі жағдайларда тоқтатылады, егер: 1) сараптама тағайындау туралы қаулыда (анықтама) келтірілген материалдардың барлағы немесе жетіспейтін бөлігі келіп түспесе; 2) сарапшы сараптама тағайындаған органға: өзіне қосымша материалдарды беру туралы; заттай дәлелдемелерді жоюға немесе бұзуға өтініш мәлімдесе; 3) сараптама жүргізуге кіріскен сарапшы біршама жұмыс уақытын талап ететін басқа іс бойынша сот отырысына қатысса; 4) сарапшы басқа себептермен (іссапар, жұмысқа жарамсыздық) болмаса және материалдарды басқа сарапшыға тапсыруға кедергі келтіретін себептер болса; 5) ұсынылған материалдар өзге түрдегі сараптама жүргізіп жатқан басқа сарапшыда болса. 6. Ерекше жағдайларда сот сараптамасын жүргізу мерзімін 30 тәуліктен астам ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының дәлелді өтініші бойынша сараптама тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады. 7. Егер осы Қағидаға қосымшада кешенді, қайталама, комиссиялық сараптамаларын жүргізу кезінде шешілетін сұрақтарды аса күрделі санатына жатқызу көзделмеген болса, онда ол сараптамалар күрделі санатына жатқызылады. 8. Сот-сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаттары осы Қағидаға қосымшада келтірілген. Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау қағидасына қосымша Сот-сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаттары 1. Құжаттардың сот сараптамасы 1. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу: 1) жай: егер жазба және қолтаңба жазуын іске асыру, жекелеген объектілерді зерттеу кезіндегі табиғи және жасанды «тайдыратын» факторлармен шартталған, құрамында өзгеше орындаудың белгілері болмаған жағдайдағы нақты тепе-теңдікті анықтауға (алып тастауға); топтық қатыстылықты анықтауға (бір немесе бірнеше тұлғаның орындау фактісі); қимыл жүйесі дағдысының дәрежесі мен кемелдік дәрежесі бойынша мүмкін немесе болжамды орындаушыны алып тастауға бағытталған идентификациялық. 2) күрделілік дәрежесі орташа: егер жазба және қолтаңба жазуын іске асыру, көптеген жазба объектілерін және бірнеше болжамды орындаушыларды зерттеу кезінде, сарапшыға анықтау қиындық (еліктеу) туғызбайтын өзгеше жағдайлардың әсер етуімен шартталған, құрамында өзгеше орындаудың белгілері бар нақты тепе-теңдікті анықтауға бағытталған идентификациялық. 3) күрделі: жеке сараптамалық әдістемелерді қолдануды талап ететін идентификациялық және диагностикалық: сандық хаттарды зерттеу, уақыт алшақтығымен жазылған қолжазбалық мәтінді зерттеу; әдейі өзгертумен байланысты емес, қолжазбаны өзгеше орындауды зерттеу; жылдам жазу тәсілімен әдейі өзгертіп жазумен орындалған қолжазбалық мәтінді зерттеу; басқа адамның жазуына еліктеумен орындалған қолжазбалық мәтінді зерттеу; аурушаң күйде, алкогольдік мас болу жағдайында, автожалғандық жасау жолымен, болжамды орындаушының нақты адамның атынан, ойдан құрастырылған адамның атынан орындалған қолжазбалық мәтінді зерттеу. 4) аса күрделі: жеке сараптамалық әдістемелерді (ұқсас жазуларды зерттеу, сол қолмен орындалған қолжазба мәтіндерін зерттеу, баспа шрифтіне еліктеп және арнайы шрифтермен орындалған қолжазба мәтіндерін зерттеу, жазуы бойынша адамның қасиеттерін анықтау); ықтималды-статистикалық мөлшерлік (үлгілік) әдістерді талап ететін идентификациялық, диагностикалық және жіктеушілік міндеттер (қысқа және жай (әріптік және сандық) жазбаларды және сарапшының анықтауына қиындық туғызатын және ішкі сенімін қалыптастыру мен мөлшерлік әдісті қолдану кезінде қорытындыны ресімдеуге айтарлықтай уақыт шығындарын талап ететін, әдейі өзгертумен байланысты және байланысты емес, ерекше жағдайларда орындалған қолтаңбаларды зерттеу). 2. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу: 1) жай: ақша белгілерін және құнды қағаздардың басқа да түрлерін, құжаттарды, бланктерді және басқа да баспа өнімдерін диагностикалық зерттеу; зерттеудің еңбекті көп талап ететін әдістерін қолдануды қажет етпейтін, қиын емес (дәстүрлі) объектілердің (үштен көп емес) салыстырмалы үлгілері болған жағдайда жүргізілетін, мөрлердің, штамптардың баспа-таңбаларын идентификациялық зерттеулер; компьютерлік және көшіру-көбейту техникасында дайындалған құжаттарды диагностикалық зерттеу; компостерлік белгілерді, кассалық чектерді және басқа да құралдарды диагностикалық зерттеу. 2) күрделілік дәрежесі орташа: құжаттардағы (3 объектіден артық) мөрлердің, штамптардың баспа-таңбаларын және шешілетін сұрақтарының саны 3-тен көп болғандағы диагностикалық және идентификациялық зерттеу; бастапқы мазмұны өзгертілген құжаттарды зерттеу; фотосуреттің, марканың қайта жабыстырылғанын және жекелеген үзінділерді (беттерді) жабыстыруды анықтау мақсатындағы құжаттарды зерттеу; құйылған, сызылған, сөнген және басқа да оқылмайтын мәтіндердің мазмұнын анықтау жөніндегі зерттеулер; құжаттардың машинамен басылған мәтіндерін диагностикалық және идентификациялық зерттеу; толықтырып басуды анықтау; компостерлік белгілерді, кассалық чектерді және басқа да құралдарды, олардағы белгілердің қандай-да бір өзгерісін анықтау мақсатындағы диагностикалық зерттеу. 3) күрделі: шешілетін міндеттердің, сұрақтардың көп мөлшері бар көп объектілі сараптамалар; хаттың материалдарын, зерттелетін объектілерді дайындауға пайдаланылған бояуларды, қағазды, басқа да құрылғылар мен аппараттық қондырғыларды жіктеушілік және идентификациялық зерттеу; реквизиттерді (баспа қондырғыларын пайдалану арқылы алынған баспа мәтіндерін, машинамен басылған мәтіндерді, мөрлер мен штамптардың баспа-таңбаларын, қолжазба жазуларын/қолтаңбаларды) түсіру мерзімінің ескілігін анықтау жөніндегі зерттеулер; орындаушыны (мәтінді бір немесе әртүрлі адам басқанын) және құжат данасын (бір уақытта басылып шыққан даналар саны, бетбелгі саны) анықтау жөніндегі машинамен басылған мәтіндерді зерттеу; компьютерлік, көшіру-көбейту техникасында және факсимильді аппараттарда дайындалған құжаттарды идентификациялық зерттеулер; әртүрлі құжаттардың құрамдас бөліктерінен құрастыру әдісімен, олардың мазмұнын өзгерту мақсатында құжаттарды зерттеу; қиылысатын жіңішке сызықтарды салудың хронологиялық тізбектілігін зерттеу; өртелген құжаттарды зерттеу (өртенген құжаттың беттеріндегі жазбалардың мазмұнын анықтау; өртенген құжаттың түрін анықтау); бланктерді және басқа да баспа өнімдерін (баспа нысанының түрін анықтау, баспа үлгісін әзірлеу үшін бір түпнұсқаны қолдану) идентификациялық зерттеу; баспа басылымдары мен құжаттардың түптелуін зерттеу; зерттеуге ұсынылған чектерге (телеграммаларға) басылған компостерлік белгілерді, кассалық чектерді және басқа да құралдарды зерттеу (бақылау-кассалық машинаның (телеграфтық аппараттың) нұсқасы мен моделін анықтау); кассалық чектердің (жеделхаттардың) басылу уақытын идентификациялық және салыстырмалы зерттеу; 4) аса күрделі: ұзақ және еңбекті көп қажет ететін аспапты тәсілдерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысқан алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, сұрақтар саны көп зерттеулер; кешенді, коммиссиялық, қайталама сараптамалар; ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеулер; дәстүрлі емес әдістерді, басқа мекемелердің базасын пайдалануды, сырттан мамандарды тартуды талап ететін сараптамалық міндеттерді шешу. 3. Сот-автортану зерттеуі: 1) күрделілік дәрежесі орташа: жазбаша сөз белгілерін әдейі өзгертусіз құрастырылған мәтіннің авторын анықтау; біртұтас мәтінді құрайтын мәтін фрагменттерінің авторын анықтау; 2) күрделі: басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау; басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау; өзгеше күйде орындалған мәтіннің авторын анықтау; 3) аса күрделі: басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 парақтан асатын көлемде); басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 парақтан асатын көлемде); өзгеше күйде орындалған мәтіннің авторын анықтау. 2. Сот портреттік сараптама 4. Тұлғаның бейнелерін зерттеу: 1) күрделі: ұсынылған фотосуреттерде, негативтерде, үлдір кадрларында және басқа да тасымалдаушыларда тіркелген адамдарды дифференциалау жөніндегі зерттеулер; 2) аса күрделі: ұсынылған фотосуреттерде, негативтерде, үлдір кадрларында және басқа да тасымалдаушыларда тіркелген нақты бір адамның ұқсастығын анықтау жөніндегі идентификациялық зерттеулер. 5. Жануарлардың бейнелерін сыртқы белгілері бойынша зерттеу: аса күрделі: жануарларды (жануарлардың мәйіттерін) фотосуреттердегі, негативтердегі, үлдір кадрларындағы және басқа да тасымалдаушылардағы бейнелер бойынша идентификациялық зерттеу. 6. Жануарлардың ен-таңбаларының бейнелерін зерттеу: 1) күрделілік дәрежесі орташа: жануарда (бөлінген бөліктерінде) ен-таңбаларының болуын (болмауын), олардың орналасуын, пішінін, суретін және т.б. анықтау; жануарға (оның бөліктеріне) ен-таңбаларды салу тәсілін анықтау. 2) күрделі: жануардағы ен-таңбалар бойынша белгі салу құралын идентификациялық зерттеу (белгі салу құралын ұсына отырып және ол жоқ болғанда). 3. Сот бейнефонографиялық сараптама 7. Сот-сарапшылық бейнефонографиялық зерттеу: 1) күрделі: әңгіме мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (15 минутқа дейінгі дыбыс жазбасынан); адамның даусы мен сөздерін идентификациялық зерттеу (1 дикторға); негізгі дыбыс жазбасына ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипатын анықтау жөніндегі зерттеулер (15 минутқа дейін); монтаждау фактісінің бар/жоғын анықтау (1 зерттеу фонограммасынан); диагностикалық міндеттерді шешу (15 минутқа дейінгі дыбыс жазбасынан); жіктеушілік міндеттерді шешу (15 минутқа дейінгі дыбыс жазбасынан); 2) аса күрделі: әңгіме мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (15 минуттан аса дыбыс жазбасынан); адамның даусы мен сөздерін идентификациялық зерттеу (2 және одан аса дикторларға); негізгі дыбыс жазбасына ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипатын анықтау жөніндегі зерттеулер (15 минуттан асатын дыбыс жазбасынан); монтаждау фактісінің бар/жоғын анықтау (1 зерттеу фонограммасынан артық); диагностикалық міндеттерді шешу (15 минуттан асатын дыбыс жазбасынан); жіктеушілік міндеттерді шешу (15 минуттан асатын дыбыс жазбасынан). 4. Сот фототехникалық сараптама 8. Фотографиялық бейнелерді зерттеу: 1) күрделі: суретті дайындау тәсілін анықтау бойынша (фотографиялық технологияның ережелерін сақтау), түсірілім шарттарына (анықтық, айқындық, жарықтың болуы, суреттің ракурсы, кедергілердің болуы, тәулік уақыты) жататын жағдайларды анықтау жөніндегі зерттеулер; бейнежазбаға жазылған заттардың жекелеген сипаттамаларын (түстік, сандық белгілерін және т.б.) анықтау мен табу жөніндегі зерттеулер; позитив бойынша негативті идентификациялық зерттеулер; оператордың, түсірілімді жүргізуші адамның кәсіби дағдысын, біліктілігін анықтау жөніндегі зерттеулер. 2) аса күрделі: суретте бейнеленген заттардың көлемін және олардың ара қашықтығын анықтау жөніндегі зерттеулер; түсірілім аппаратурасын, техникалық құралдарды (ұлғайтқыш, жиектеме, кескіш) идентификациялық зерттеулер; бейнежазбаға түсіріп алынған әрекеттердің мазмұнын анықтау мен олардың мағыналық мазмұнын бағалау жөніндегі зерттеулер; идентификациялық деңгейді зерттеу (екі немесе одан да көп жазбада, фотосуретте бейнеленген заттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, жер телімін идентификациялау); жүргізілген әрекеттердің мағынасы мен мазмұнын анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде түсірілген бейнематериалдарды зерттеу; бейнежазбада бейнеленген заттардың қолдану мақсатын анықтау жөніндегі зерттеулер; бейнесуреттің дайындалу уақытын (ескілігін) анықтау жөніндегі зерттеулер және оңып кеткен бейнені қалпына келтіру; бейнежазбада көрсетілген заттардың көлемі мен олдардың ара қашықтығын анықтау жөніндегі зерттеулер; бейнелердің монтажын анықтау жөніндегі зерттеулер, бейнесуреттер бойынша болған оқиғаның жағдайларын зерттеу (ЖКО, тінту және басқалары). 5. Сот-трасологиялық сараптамасы 9. Сот сарапшылық трасологиялық зерттеу 1) жай: мүшеленудің жалпы сызығы болған кездегі біртұтас бүтінді бөлшектері бойынша анықтау; аяқ пен қол іздерінің жарамдылығына зерттеу; объектілерді суық қару түріне жатқызу мақсатында зерттеу. 2) күрделілік дәрежесі орташа: объектілердегі зақымдардың пайда болу механизмін анықтау; жекелеген бөлшектердің нақты бір көлік құралына жататындығын анықтау; объектілерді дайындау тәсілін анықтау; іздерді қалдырған көлік құралының моделін анықтау мақсатында киімдегі протектор іздерін зерттеу; металдану іздерін зерттеу; 3) күрделі: объектілердегі зақымдарды түсірген заттың түрі мен типін анықтау мақсатында зерттеу; мүшеленудің жалпы сызығы болмаған жағдайдағы біртұтас бүтінді бөлшектері бойынша анықтау; қол және аяқ іздерін идентификациялық зерттеу; құлыптардың, бақылау және құлыптанатын құрылғылардың жарамдылығы және кілтпен ашылуы мүмкіндігі туралы сұрақты шешу мақсатында олардың механизмдерін зерттеу; жойылған таңбалау белгілерін зерттеу және анықтау; нақты көлік құралына тиістілігін анықтау мақсатында фарлардың ыдыратқыштарының сынықтарын зерттеу; кедергілердегі бұзу іздерін зерттеу; 4) аса күрделі: оқиға орнына немесе зерттеу объектісіне барып қараумен ұштасатын зерттеулер; жиынтықтық бүтінді анықтау; объектіге зақым түсірген затты анықтау мақсатында идентификациялық зерттеу; зақым келтіру сәтіндегі жәбірленушінің орналасу орнын анықтау; тасымалдаушы-объектідегі қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау жөніндегі зерттеу; ахуалдық деңгейдегі сұрақтарды шешуге байланысты және тәжірибелер жүргізуді, модельдеуді қажет ететін ведомствоаралық кешенді сараптамалар. 6. Сот-баллистикалық сараптамасы 10. Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу: 1) жай: жіктеушілік және диагностикалық міндеттерді (түрі, типі, маркасы, моделі, дұрыстығы мен атуға, атыс жасауға жарамдылығы, қарудың 5 бірлігіне дейінгі немесе әр түрінен 10 данаға дейінгі мөлшердегі бытыраның 5 түрі бар аз объектілі) шешу мақсатында қарудың дайындалу тәсілін (зауыттық, қолдан жасалған) зерттеу; 2) күрделілік дәрежесі орташа: патрондардың құрамын зерттеу (аз объектілі сараптамалар); зақымдануларды оқ тигенге жатқызу мақсатында зерттеу; зауыттық тәсілмен жасалған қаруды оқ дәрімен ататынға жатқызу мақсатында зерттеу. 3) күрделі: оқтар мен гильзалардағы іздер бойынша идентификациялық зерттеулер; оқ дәрімен ататын қаруға жатқызу мақсатында қолдан жасау тәсілімен дайындалған объектіні зерттеу; патрон жабдықтарының құрауыштарын зерттеу (қарудың 5 бірлігінен көп немесе патронның 5 түрі бар көп объектілі сараптамалар). 4) аса күрделі: оқиға орнына немесе зерттеу объектісіне барып қараумен ұштасатын зерттеулер; оқтағы, бытырадағы, кәртештегі, жабдықтардың құрауыштарындағы іздер бойынша тегіс ұңғылы қаруды идентификациялау мақсатындағы зерттеу; патрон құрауыштарының біртұтас шығу көзін анықтау; ату іздері мен жағдаяттарын зерттеу; зақым келтіру сәтіндегі атқан адам мен жәбірленушінің орналасу орнын анықтау (сот-медициналық сарапшылармен бірлесе отырып кешенді ахуалдық сараптамалар, тәжірибелер жүргізу, модельдеу). 7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы 11. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы: 1) жай: қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу; заттың, қатпарлар заттарын лакты бояу өнімдеріне (ары қарай – ЛБӨ), лакты бояу материалдарына (ары қарай – ЛБМ), полимер материалдарына (ары қарай – ПМ); металдар мен қорытпаларға, мұнай тектес өнімдерге, топыраққа, спирт құрамдас сұйықтарға (ары – СҚС) жатқызу мақсатында оның табиғатын зерттеу; табиғаты талшықты емес (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық үлдірлер және т.б.) тасымалдаушы-объектілердегі қатпарлардың жекелеген талшықтарын олардың табиғатын және пайда болуы мүмкін көзін анықтау мақсатында зерттеу; көзге көрінетін күштілігін анықтау мақсатында этил спиртін, арақты зерттеу; люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға (ары қарай – АХЗ) жатқызу мақсатындағы тасымалдаушы-объектілерді зерттеу. 2) күрделілік дәрежесі орташа: табиғаты талшықты объектілерді, аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2-ден көп емес), не аз талшықты құраммен сипатталатын киімді жіктеушілік және идентификациялық зерттеулер; талшықты материалдардың нысандық мақсатын анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу; салмағы 0,1 г дейінгі топырақтан жасалған объектілердің ортақ тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында жіктеушілік және идентификациялық зерттеулер; қолданыстағы жіктемелерге (аз объектілілер – 3 объектіге дейін) сәйкес бұйымдарды нақты текке, түрге жатқызу мақсатында ЛБӨ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды СҚС жіктеушілік зерттеу; АХЗ бір сыныбына, түріне, маркасына жатқызу мақсатында АХЗ идентификациялық зерттеу; СҚС даярлау тәсілін анықтау; заттар мен материалдардың сот-сараптамасы (ары қарай – ЗМСС) объектілерінің із жасаушы және із қабылдаушы қабілеттерін, іздердің пайда болу механизмдерін анықтау; қаптамада көрсетілген табиғатын дәлелдеу мақсатында дәстүрлі емес объектілерді (талдаудың дәстүрлі тәсілдерін қолданып) зерттеу. 3) күрделі: қолданыстағы жіктемелерге сәйкес бұйымдарды нақты текке, түрге жатқызу мақсатындағы бұйымдардың нақты бір маркасына жатқызу мақсатында ЛБӨ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (көп объектілі – 3 объектіден көп), мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын жіктеушілік зерттеу; жалпы тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында ЛБӨ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, СҚС идентификациялық зерттеулер; табиғаты талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында жіктеушілік және идентификациялық зерттеу; салмағы 0,1 г-нан жоғары топырақтан жасалған объектілердің жалпы тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында жіктеушілік және идентификациялық зерттеу; белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдана отырып); ЗМСС кез келген объектілерін зерттеу кезінде ахуалды модельдеу тәсілін қолдана отырып іздердің пайда болу механизмін анықтау; екі немесе одан да көп автокөлік құралдарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер. 4) аса күрделі: киім жиынтықтарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау; оқшауланған жер телімін (топырақты-биологиялық-техногендік кешен объектілері (бұдан әрі – ТБТК) анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер; пайда болудың ортақ көзін, біртұтас массаға жататындығын анықтау, бүтінді бөліктері бойынша анықтау мәселелерін шешу мақсатындағы зерттеулер; зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғаларының жағдайларымен кеңістіктік-уақыттық байланысын анықтау; талдаудың дәстүрлі емес әдісін қолданып белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу; дәстүрлі емес әдістерді, басқа мекемелердің базаларын пайдалануды, сырттан мамандар тартуды қажет ететін сараптамалық міндеттерді шешу; білімнің әртүрлі саласын қолдана отырып ЗМСС шеңберіндегі кешенді сараптамалар; ведомствоаралық деңгейде жүргізілетін кешенді сараптамалар. 8. Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы 12. Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу: 1) жай: қосымша редакциялау қажеттігі болмаған кезде, бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, зерттеліп отырған жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) жағдайлары бойынша мәселелерді автоматты түрде шешу. 2) күрделілік дәрежесі орташа: қосымша редакциялау және/немесе бағдарламалық жасақтама есепке алмаған мәселелерді шешу қажеттілігі болған кездегі, бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып ЖКО жағдайлары бойынша сұрақтарды автоматтандырылған режимде шешу; 3) күрделі: оқиға орнына шығумен ұштасатын зерттеулер; автокөлік жолдарының, көлік құралдарының элементтерін зерттеу. 4) аса күрделі: ЖКО талдау және графикалық/графикалық-талдау тәсілімен немесе күрделі бағдарламалы кешендерде ахуалдарды 2-3 өлшемді модельдеу жолымен қайта құруды қамтитын зерттеулер. 13. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу: 1) күрделілік дәрежесі орташа: 2 көлік құралының және барлық қажетті бастапқы мәліметтердің заттық жағдайда тиісті бекітілуі болған кездегі бастапқы түйісу сәтіндегі көлік құралдарының (ары қарай – КҚ) өзара түйісе әрекеттескен бөліктерін, КҚ соқтығысу бұрышын, өзара орналасуын анықтау мақсатындағы зерттеу; 2 көлік құралының және барлық қажетті бастапқы мәліметтердің заттық жағдайда тиісті бекітілуі болған кездегі бастапқы түйісу сәтіндегі КҚ соқтығысу орнын, олардың жолдың жүріс бөлігінде орналасуын, соқтығысу алдындағы динамикалық күйін, ЖКО динамикасын анықтау мақсатында зерттеу. 2) күрделі: мәліметтер жиынтығы мен заттық жағдайдың тиісті бекітілуі болмаған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сұрақтарды шешу мақсатында зерттеу; КҚ жүргізушісінің маневр (бұрылу/айналу) орындауға кіріскен жолдағы жағдайын анықтау; 3) аса күрделі: тек бір КҚ (КҚ соқтығысқанда) ғана ұсынылғанда 13 тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сұрақтарды шешу мақсатындағы зерттеулер; ЖКО жасалған мезетте көлікті жүргізген адамды анықтау; жаяу жүргіншінің киімі мен аяқ киіміндегі іздер және оқиға орнындағы іздер бойынша басып кету орнын анықтау; түйісу сәтіндегі КҚ қатысты жаяу жүргіншінің орны мен жаяу жүргіншінің қозғалыс режимін анықтау. 14. КҚ сот-сараптамалық зерттеу: 1) жай: аспаптық базаны пайдаланып жүргізу бөлімін сынақтан өткізе отырып, жарамды КҚ техникалық күйін зерттеу; 2) күрделілік дәрежесі орташа: объектілер саны аз болғанда немесе КҚ бөлшектеу қажеттілігі болған кезде жүрмейтін көлік құралының техникалық күйін зерттеу; 3) күрделі: шамдарды зерттеу; КҚ бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу (көлік құралдарының түйіндері мен агрегаттарын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажеттілігі болмағанда); 4) аса күрделі: дайындаушы-зауыт белгілеген технологиялық карта мен оны дайындаудың басқа да техникалық шарттары мен талаптарына сай стандарттау мен бөлшекті дайындау шарттарына сәйкестігіне металлографиялық және материалтану зерттеулерін жүргізе отырып түйіндер мен агрегаттарды бөлшектеу қажеттілігі болған кездегі КҚ бөлшектерінің бұзылу себебін анықтау мақсатындағы зерттеу; КҚ бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу; ЖКО дейін/алдында орын алған ақаулық пен ЖКО орын алу фактісінің арасындағы себеп-салдарлық байланысты зерттеу. 9. Сот экономикалық сараптама 15. Сот-экономикалық сараптама: 1) жай: көлемі 20 беттен артық емес, ұсынылған ортақ текті құжаттар негізінде бір есептеуді қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер; 2) күрделілік дәрежесі орташа: көлемі 100 беттен артық емес, ұсынылған ортақ текті құжаттар негізінде бір-екі есептеуді қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер; 3) күрделі: көлемі 500 беттен артық емес, ұсынылған әртүрлі текті құжаттар негізінде бірнеше есептеуді қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер; 4) аса күрделі: көлемі 500 беттен артық, ұсынылған әртүрлі текті құжаттар негізінде көптеген есептеуді қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер; 10. Сот тауартану сараптамасы 16. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі: 1) жай: 1 ден 5 данаға дейінгі бірлі-жарымды объектілердің сандық сипаттамасын (салмағын, толымдылығын және т.б) зерттеу; бірлі-жарымды объектілердің күнделікті сұраныс тауарларының құндық сипаттамасын зерттеу; қарапайым объектілерді (күнделікті сұраныс тауарлары) жіктеушілік зерттеу; 2) күрделілік дәрежесі орташа: объектілердің (нарықта таралмаған, арнайландырылған) құнын анықтау; объектілердің (халық тұтынатын тауарлар (әрі қарай – ХТТ), тұрмыстық техника) тозу дәрежесін анықтау; сыртқы экономикалық қызметтің (кең таралған объектілердің) тауарлық номенклатурасының (әрі қарай – СЭҚТН) кодын анықтау; қарапайым объектілердің Мемстандартқа (ары қарай – МСТ) және техникалық шарттарға (бұдан әрі – ТШ) сәйкестігін анықтау; қарапайым объектілерді (ХТТ, тұрмыстық техника) қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау; 3) күрделі: 10 нан 50 данаға дейінгі бірлі-жарымды объектілердің сандық сипаттамасын (салмақ, жинақ және т.б) зерттеу; технологиялық құрал-жабдықтардың (тозуды, бұзылуды, зақымдалуды ескерумен және ескерусіз) құнын анықтау; күнделікті сұраныс объектілерді ұсынылған үлгілерге сәйкестендіру; тауарлардың сапасы мен толымдылығы бойынша МСТ, ТШ, Халықаралық стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтау; объектілердің атауының, мөлшерінің, салмағының жолдама құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау; 4) аса күрделі: 21 және одан жоғары күнделікті сұраныс объектілерінің сандық сипаттамасын (салмағын, толымдылығын және т.б) зерттеу; құрал-жабдықтар мен эксклюзивті объектілердің құнын анықтау; құрал-жабдықтардың МСТ мен ТШ сәйкестігін анықтау; бұйымдарды өрттен, су басудан және т.б. кейін зерттеу кезіндегі объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау. 17. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеу: 1) жай: бірлі-жарымды объектілердің сандық сипаттамасын анықтау; бірлі-жарымды объектілердің құндық сипаттамасын зерттеу; 2) күрделілік дәрежесі орташа: бірлі-жарымды объектілердің сапалық сипаттамасын анықтау; тауардың сипаттамасын заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда зерттеу; 20 атауға дейінгі объектілердің құндық сипаттамасын анықтау. 3) күрделі: кешендегі азық-түлік тауарларының бірлі-жарымды объектілердің негізі болып табылатын сипаттамаларын анықтау (сапасын, санын, құнын); 21 атаудан тұратын азық-түлік тауарларының құнын анықтау; 4) аса күрделі: өрттен, су басудан және т.б. кейін зерттеу кезіндегі объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау; кешендегі азық-түлік тауарларының бірлі-жарымды объектілерінің негізі болып табылатын сипаттамаларын анықтау (5-тен көп объектілердің сапасын, санын, құнын). 18. Сот –сараптамалық автотауартану зерттеуі: 1) жай: маман тартуды/диагностиканы/бөлшектеуді қажет етпеген жағдайда ұсынылған автокөлік құралының сипаттамасын (моделін, маркасын, шығарылған жылын және т.б.) анықтау; ұсынылған КҚ табиғи тозуын анықтау; КҚ тексеру жүргізудің қажетінсіз, автокөлік құралдары мен автокөлік құралының бөлшектерін атауы бойынша нарықтық құнын анықтау; автокөлік құралдары мен оның бөлшектерінің зерттеу жүргізу кезіндегі нарықтық құнын анықтау; зерттеу объектілеріне тексеру жүргізудің қажетінсіз, автокөлік құралдары мен автокөлік құралы бөлшектерінің қалдық құнын анықтау; 2) күрделілік дәрежесі орташа: маман тартуды/диагностиканы/бөлшектеуді қажет еткен жағдайда 18-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мәселелерді шешу мақсатындағы зерттеулер; зерттеу объектісін тексере отырып автокөлік құралдары мен оның бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау; зерттеу жүргізу күнінен бөлек кезеңдегі автокөлік құралдары мен оның бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау; зерттеу объектісін тексере отырып автокөлік құралдары мен оның бөлшектерінің қалдық құнын анықтау; автокөлік құралының тауарлық құнын жоғалту құнын анықтау; 3) күрделі: автокөлік құралын қалпына келтіріп жөндеу жұмыстарының құнын анықтау; автокөлік құралын жөндеудің техникалық-экономикалық орындылығын анықтау; 4) аса күрделі: автокөлік құралын қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстардың түрі мен олардың жөндеу технологиясына сәйкестігін анықтау; 19. Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі 1) жай: құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылымдардың құнын анықтау; сақтау мерзімін ескере отырып, құрылыс материалдарының қалдық құнын анықтау; құрылыс материалдарын, бұйымдарды және құрылымдарды сақтау мен тасымалдау стандарттарының, ТШ талаптарына сәйкестігін анықтау; 2) күрделілік дәрежесі орташа: құрылыс бұйымдарының табиғи тозуы мен нақты күйін ескере отырып, олардың құнын анықтау; зерттеуге ұсынылған азаматтық құрылыстың жылжымайтын мүлік объектісінің құнын анықтау; зерттеуге ұсынылған жер телімінің құнын анықтау; 3) күрделі: өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарының немесе құрылыстарының құнын анықтау; құрылыс жұмыстары аяқталмаған ғимараттар мен құрылыстардың құнын анықтау; кешенді және көп объектілі сараптамаларда жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын анықтау; 20. Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі: 1) жай: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау - 5 данаға дейінгі; 2) күрделілік дәрежесі орташа: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 5-тен 10 данаға дейінгі; 3) күрделі: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау – 10-нан 20 данаға дейінгі; 4) аса күрделі: зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау - 20 данадан жоғары. 11. Сот құрылыс сараптамасы 21. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу: 1) күрделілік дәрежесі орташа: жылжымайтын мүлікті (пәтерлерді, жекеменшік үйлерді) қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстардың нақты құнын анықтау; өрт немесе су басу нәтижесінде залал келтірілген үй-жайды немесе пәтерді жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау; 2) күрделі: су тасу (өрт) нәтижесінде өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттарының, құрылыстарының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау; құрылыстың бірлі-жарымды объектілерін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі жобалау-сметалық және есептік құжаттаманы келесілерді анықтау мақсатындағы міндеттерді шешу үшін зерттеу: сметалық есептердегі, құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара есептесулерде қолданылған бағалаулардың негізділігі мен дұрыстығын, есептердің дұрыстығын және объект құнының нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарына сәйкестігін, белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын, құрылыс жобаларының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін, құрылыс барысында анықталған техникалық жобалардың есептеулеріндегі қателіктерді, жетіспеушіліктерді; үй-жайды қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстардың түрлерін, бөлудің ұсынылған әрбір нұсқасы бойынша қажет болатын материалдық шығындарды анықтау; қалыптасқан нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдарының құнын, сонымен қатар, құрылыс материалдарына арналған шығындардың артуын және олардың есептерінің негізділігін анықтау; 3) аса күрделі: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың ғимараттары мен құрылыстары бойынша құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы сметалық есептерде, өзара есептерде қолданылған бағалаудың дұрыстығы мен негізділігін зерттеу; есептердің дұрыстығы мен өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары мен құрылыстары бойынша нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары көлемінің объект құнына сәйкестігін зерттеу; жұмсалған құрылыс материалдары құнының өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен құрылыстары бойынша белгіленген нормативтері мен жобаларына сәйкестігін зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен құрылыстары бойынша құрылыс барысында анықталған техникалық-экономикалық есептеудегі қателіктерді, техникалық жобалардың кемшіліктерін зерттеу; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен құрылыстары бойынша құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын сапасыз орындау нәтижесіндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мен көлемін анықтау; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен құрылыстары бойынша жасалған сметалық құжаттаманың мемлекеттік нормативтер талатарына сәйкестігін анықтау; өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен құрылыстары бойынша құрылыстарды, олардың бөліктерін тұрғызу, жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшін жұмыс құнының негізділігін зерттеу. 22. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу 1) жай: құрылыс-монтаждау немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қолданудың дұрыстығын анықтау; жылжымайтын мүлік объектілерінің санитарлық-техникалық күйін анықтау; жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарға сәйкесігін анықтау; 2) күрделілік дәрежесі орташа: үй-жайларды қайта жобалау мүмкіндігін және жүргізілген жұмыстардың сәйкестігін анықтау; пәтерді су басудың себебі мен көзін анықтау; қалпына келтіріп жөндеудің (су басу, өрт және т.б. нәтижесінде) к